Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

САЛТАНАТ АБДРАМАНОВА: «ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖОҒАЛТПАЙДЫ»

29.09.2023

247 0

Түрлі қолөнер бұйымын жасаудың шебері, тігінші сырдариялық Салтанат Абдраманова 16 жасынан түкті кілем тоқуды күнделікті ісіне айналдырған. Тоқыған кілемдерімен елді тамсандырған ол шет мемлекеттерден де тапсырыс қабылдайды. Бос уақытында шәкірт тәрбиелеп, білген дүниесін үйретуден де жалыққан емес. Қазақы нақыштағы бұйымдарды ерекше түрлендірудің тәсілін меңгерген Салтанат Асыланқызы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келіп, БАҚ өкілдеріне жасаған бұйымдарын таныстырды.
-Түкті кілем тоқу – аса ұқыптылықты және төзімділікті талап етеді. Түкті кілем, киіз, текеметтің адам денсаулығына пайдасы зор. Өйткені үйдегі барлық шаңды өзіне тартып, ауаны тазартып тұрады. Сондай-ақ, суық пен ыстықты өткізбейді. Шағын түкті кілемдерді тоқу үшін кем дегенде бір айға жуық уақыт керек, ал үлкен көлемдегі кілемдерді 2-3 ай мерзімді аяқтауға тырысамыз. Жалпы қолөнермен айналысуыма тікелей анам себепкер болды. Содан бастап кілем, әртүрлі көрпешелер тоқуға қызығушылығым оянып, кейін кәсіпке айналдырдым. Жасаған дүниелеріме сұраныс жаман емес. Дегенмен, уақыт өткен сайын түкті кілемге сұраныс азайып барады. Қолөнер бұйымын жасауға қызығушылығы бар жастардың қатары да сиреді. Себебі қазір барлығы дайын дүниені сатып алғанды жөн көреді. Бірақ ұлттық қолөнер бұйымы өз құндылығын жоғалтпайды деп сенемін. Сұраныс азайса да кейінгі жас буын ұмытпауы үшін қолөнер бұйымын кеңінен дәріптегім келеді. Өзімнен кейінгі қыз-келіншектерді қасыма алып, үйреткім келеді. Ұлттық қолөнеріміз қалыс қалмаса екен, – деді Салтанат Асыланқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: