Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Шай ішудің де пайдасы бар

21.05.2023

1189 0

Дәрігер Андрей Тяжельников шайдың ағзаға пайдасы тию үшін күніне қанша кесе ішуге болатынын айтты. Бұл туралы РИА новости хабарлайды.

«Орташа дозада шай өте пайдалы саналады. Өйткені оның құрамында күшті антиоксиданттар болатын таниндер бар. Бірақ шайды шамадан көп ішсеңіз танин темірдің сіңуіне жол бермейді. Шай ағзаға тек пайда әкелуі үшін күніне үш-төрт кесе ішу керек, дұрысы оны сумен алмастырмау оңтайлы», – деді маман.

Ол шайды шамадан тыс тұтыну ұйқысыздыққа және оның құрамындағы кофеиннің әсерінен қозғыштықтың жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, сусын несеп айдау қасиетіне ие, яғни суды ағзадан шығарады.

«Шай жапырақтарында көптеген түрлі микроэлементтер бар. Олар –  антиоксиданттар, дәрумендер мен минералдар. Бұл заттардың барлығы біздің денемізге тигізер пайдасы көп. Мысалы, полифенолдар атеросклероздың, қант диабетінің және гипертонияның дамуын болдырмауға көмектеседі», – деді Тяжельников.

Дәрігердің сөзінше, шайдың пайдалы қасиеттерін алу үшін оны дұрыс қайнату керек. Мәселен, қара шай үшін шамамен 100 градус температурасы бар су қажет. Ал көк шай 60-80 градуста қайнатылады. Сонымен қатар, кез-келген шайды қайнатылғаннан кейін бірден ішу керек. Өйткені сусын салқындағанда өзінің барлық пайдалы қасиеттерін жоғалтады.

«Жапырақ шайды қайта қайнатуға рұқсат етіледі. Қара шайды денсаулыққа зиян келтірместен екі рет қайнатуға, ал көк шайды үш-төрт рет қайнатуға болады. Бірақ пакеттегі шайды қайта қайнатуға болмайды. Шай пакеттерін тек бір рет қана қайнату керек», – деп қосты дәрігер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: