Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шығыс әйеліне тән даналық: Жұбыңмен қарым-қатынас қандай болуы керек?

09.01.2023

781 0

Сурет ашық дереккөзден

Эстетикалық спорт түрлерін, соның ішінде көркем гимнастиканы сүйіп тамашалайтын адамдар үшін Ирина Винер-Усманова есімі жақсы таныс. Ол құрама жаттықтырушысы ретіндегі мінсіз мансабынан бөлек, әйел болмысы, ер мен әйел қатынасы сынды тақырыптар төңірегінде берген сұхбаттарымен танымал.

Кабаева, Зарипова, Канаева, Утяшева … сынды хас сұлулардың «анасы» қол астындағы қырық қыздың тәрбиесіне өзін жауапты санайды. Ұлты еврей болса да, Самарқандта туып-өскен Винер-Усманова оларды күнделікті өмірде Шығыс принциптерін ұстануға шақырады.

 Ирина Винер-Усманова шәкірті Алина Кабаевамен

►  «Шығыс қыздары құпияға толы. Олардың жұмбақ болмысы мен қанмен берілген нәзіктігі күйеулерін өмір бойы құмар қылып өтеді. Менің ең үздік гимнаст қыздарымның тегі Шығыстан бастау алады».

►  «Жолдасы есіктен кіргенде, әйел адам орнынан тұруы керек. Үйінде сыйлы ерді, түзде де сыйлайды. Сырт көз мұны байқағыш келеді».

►  «Шығыс халықтары «Қалыңдығың басқа біреуге кетіп қалса, кімнің жолы болғанын әлі Құдай көрсетеді» дейді. Әдетте гимнаст қыздарыма Тәңірдің берген белгісін қабылдай білу керек деймін. Демек ол саған лайық адам емес болған соң, Құдай айдап әкетті. Бір қызығы, менің айтқаным үнемі дұрыс болып шығады».

►  «Әкем-көкем деп асты-үстіңе түскенді емес, сені қайрап, пьедесталға шығаратын адамды «жаным» де».

►  «Сенің жетістігің үйіңе ілесіп бармақ түгілі, пьедесталдан түспеуі керек. Аяғың жерге тигеннен кейін сен ешкім де емессің. Ол жеңісің сол биіктікте қалды. Енді одан өзге шыңды бағындыруың керек. Сүйгеніңе мықтылығыңды айтып, бұлдама. Сен мықты болсаң, демек ерің сенен де мықты деген сөз. Олай болмаса, ол сенің нашарлығың».

►  «Ер білдірмесе де, әйелінің қолдауына мұқтаж болады. Мен Әлішерге (Өзбек миллиардері Әлішер Усманов)  үнемі «Сіз – Генийсіз» деп айтып отырамын. Оны гений емес деп ешкім де айта алмайды».

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/75800/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: