Жексенбі, 24 қараша, 06:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Солақай – ерекше жаратылыс иесі

11.06.2022

1828 0

Солақайлар – ерекше жандар. Қасыңдағы адамның сол қолмен жұмыс істеп отырғанын көрсең, таңғаласың. Мәселен, өзің сол қолмен жазып немесе  тамақ ішіп көрсең істей алмайсың. Осыдан-ақ олардың ерекше қасиетке ие екенін байқауға болады.

Солақайларды жазғыра алмай­мыз, оны өздері таңдап алмады. Олар өздеріне қай қолы ыңғайлы болса, сол қолмен  әрекет қимыл жасайды.

Қоғамда солақайлықты кеміс­тік көріп, солақай жандарға үрейле­не қарайтын көзқарас жоқ емес. Баласының қасықты сол қолмен алып, тамақ ішіп отырғанын намыс көріп, «оң қолыңмен іш» деп талап қоятын ата-аналар да кездеседі. Бұрынғы кезде сол қолмен жазатын адамдарды ауру деп есептеп, анамолия деп сырқатқа атау берген. Бүгінде медицина ғылымы солақайлық ешқандай кемістік емес, ол табиғи қалыпты жаратылыс екенін дәлелдеді. Ол баланың дағдылануынан ғана емес, дүниеге келгенде солай жаратылып тууына байланысты дейді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, солақайлар  осыдан жиырма жыл бұрынға қарағанда  екі есеге көбейіп келеді екен. Әлемдегі халықтың шамамен  10-12 проценті солақайлар.

Бір қызығы, дарындылардың көбі солақайлар арасынан шыққан көрінеді. Себебі психологтар олар­да шығармашылық потенциал мықты деген баға беріп отыр.  Әйгілі шығармалардың басым бөлігі солақайлардың туындылары.  Мысалы, шетел жазушыларын ала­тын  болсақ  Леонардо Да Винчи, Альберт Эйнштейн, Чарли Чаплин, Иван Павлов солақай болған. Нұрғиса Тілендиевтің домбыраны сол қолымен тартқанын дүйім қазақ біледі. Есімі белгілі қазақтардың ішінде де солақайлар баршылық.

– Екінші қызым Айару кіш­кентай кезінен сол қолмен тамақ іше бастады. Қаншама рет сол қолын тартып жіберіп, оң қолмен жеуді үйретсем де дағдылана алмады. Содан мұның ерекшелік екенін байқап, қызымды қинамадым. Қазір 1 сыныпты бітірді. Жазуы жақсы. Мұғалімге қолын партаға ыңғайлап қойыңыз деп ескерткенмін. «Со­лақай болудан ұялма, сен ерекше баласың» деп айтып отырамын. Бір таңқаларлығы, Аллаға шүкір қызым алғыр, болашағынан көп үміт күтемін, – дейді журналист Айтолқын Айтжанова.

Солақайлар туралы қызықты ақпарат та көп-ақ. Олардың бойын­да ерекше қасиет болады. Олар ғылым, өнер, спортқа жақын келеді. Олардың мінез-құлқы да дербес. Мазасыз, қатал әрі эмоцияға көп беріледі. Солақай жандарды са­бырға шақыру қиын.

Оңқай бол, солақай бол – мұның бәрі адам жаратылысына Алланың дарытқан қасиеті. Қалай дегенмен, солақайлықтың әлі ашыл­маған сыры мен құпиясы көп дейді ғалымдар. Егер балаңыз солақай болса кемістік деп емес Алланың берген ерекше сыйы деп қабылдаңыз.

Арайлым ҚУАНЫШБЕКОВА,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: