Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 05:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Танымал блогер жаңа босанған әйеліне айтпай екінші рет үйленген

24.12.2024

141 0

Сурет: www.instagram.com

Әлеуметтік желіде askar_kairgeldinov есімімен танымал кәсіпкер, сату маманы әрі блогер Асқар Қайыргелдиновтің басы дауға қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Танымал блогер жаңа босанған әйеліне айтпай екінші рет үйленген

«Бүгін бір жазбаны оқып қалдым: Қазақстанда бір блогер екінші рет үйленіпті, бірақ бұл туралы заңды жұбайына хабарламаған екен. Мұндай жағдайды бұрын-соңды естімеппін. Заңды жұбайы екінші баласына жүкті болып жүрген кезінде күйеуінің үйленгенін таныстарынан естіп білген. Қалай ойлайсыз, бұны қалай түсінуге болады? Әйелінің сұрақтарына ол исламда жұбайынан рұқсат сұраудың қажеті жоқ, деп жауап берген екен. Енді сол “ер азамат” алимент төлеуден жалтарып жүр», — деп жазды желі қолданушысы.

Алайда Асқардың өзі бұның барлығына жоққа шығарып, бірінші әйеліне үй қалдырғанын алға тартты.

Менің жасым 24-те және мен бірінші некеден туған баламның алдындағы жауапкершілікті толық сезінемін. Ай сайын шамамен жарты миллион теңге жіберемін, Астанадағы алғашқы 2 бөлмелі пәтерімді беріп, өзім біраз уақыт жалдамалы үйде тұрдым. Ұзақ уақыт бойы бұрынғы жұбайымның бірінші некесінен туған қызының еміне қаржылай көмектестім. Мен жұбайым Таншолпан мен дүниеге келген ұлымның алдындағы өз міндетімді толық білемін», — деді блогер.

Заңды некеде бола тұра бұрынғы күйеуінің үйленгенін білген Адиль Асқардың ешқандай пәтер қалдырмағанын айтады. Сөзінше, ол пәтерге қаржыны кезінде екеуі бірге жинаған әрі ол пайдалануға әлі берілмеген, яғни, толық салынып бітпеген. Сөзін растау үшін өзінің желідегі парақшасында үйдің барлық құжатын көрсетті. Сонымен қатар, күйеуі екінші рет үйленіп жатқанда сәбиі енді қырқынан шыққанын және ол кезде қағаз жүзінде ажыраспағанын ашып айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: