Сейсенбі, 24 желтоқсан, 22:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Түсіңізде теңіз көрсеңіз…

16.07.2023

612 0

Адамның түсінде теңіз көруіне түрлі болжамдар айтуға болады. Яғни, ол психологияның архетиптік ерекшелігінен бастап, жай ғана шаршағандықты білдіретін символикаға дейінгі кез келген мағына беруі мүмкін. Ол сыртқы күштердің санаға орнататын қорқынышы мен қоршаған ортаны өзгертуге деген бейсаналы ниет те болуы мүмкін. Мұндай түс нені білдіретінін түсіну үшін контексті нақты анықтау маңызды. Сол себепті түсті егжей-тегжейлі еске түсіріңіз.

Жаймашуақ теңіз жағалауы

Егер адам түсінде күн жарқыраған теңіз жағалауын көрсе, мұндай түстің ең ықтимал (және айқын) түсіндірмесі – демалысты аңсау. Немесе жақында жағалауда демалысын өткеріп келген адамның жұмыстан зорығып, сол күндерді сағынуы. Кейде мұндай түс адамның тыныштық тапқысы келетінін білдіруі де мүмкін. Сіздің миыңыз күнделікті күйзеліске түс арқылы жауап беріп, өзін сол арқылы «тыныштандыратын» болуы ықтимал. Егер адам жағалауда тұрып, теңізге телміре қараса, демек бейсанасы жақын арада болатын өзгерістерді күтеді және оның алғашқы белгісін адамға жеткізеді.

Теңіздің толқуы немесе Цунами

Түсінде теңіздің толқуын көру – адам алдын ала алмайтын өзгерістердің символы. Цунами [табиғаттың немесе тағдырдың] соққыларын көрсетеді. Алып толқындар мыңдаған жылдар бойы адамзат санасында үрей туғызып келді. Мұндай жағдай бірден «Тоғызыншы толқын» картинасын еске салады. Егер сіз түсіңізде толқын ортасында қалған қайықта болсаңыз, онда сіз туыстарыңызбен қатынаста немесе жұмыс барысында үлкен қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін; егер табиғат апатын жағадан көріп тұрсаңыз, демек алда тұрған мәселелер сізді айналып өтеді. Егер сіз жағада тұрып, жақындап келе жатқан цунами толқынына қарап отырсаңыз, бұл шын мәнінде сіз шешілмеген проблемалар мен кейінге қалдырылған міндеттерге «көміліп қалғаныңызды» білдіреді. Демек, оларды шешуге назар аударатын уақыт келді.

Теңіз жануарын тамашалау

Теңіз түбінде жасырынып жатқан жұмбақ құбыжық немесе толқынмен ойнаған көңілді дельфин көрсеңіз де – мұның бәрі сіздің санаңызға жасырылған құпия тілектеріңіздің белгісі. Жасырын қорқыныштар немесе асқақ армандар біздің миымызда осындай таңғажайып кейіпкерлер арқылы «сөйлейді». Егер сіз ұйықтағанда үнемі теңіз жануарларын көретін болсаңыз, өзіңізге нені мойындағыңыз келмейтіні немесе нені қалайтыныңыз туралы ойланыңыз. Бұл сізге өзіңізді түсінуге көмектеседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: