Жексенбі, 12 қаңтар, 17:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Вьетнамдықтар қазақстандық әуе компанияны сатып алмақ

23.12.2024

355 0

Фото: class-tour.com

«Самұрық-Қазына» қорының өкілі Елжас Отыншиев қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық инвесторларға сату бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елжас Отыншиевтың айтуынша, Qazaq Air акцияларын сату жөніндегі мәміле шарттарын анықтау бойынша негізгі келіссөздер аяқталды.

«2024 жылы 20 желтоқсанда экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында негізгі шарттар бекітілді. Жыл соңына дейін «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі мен үкіметтен оң шешім күтеміз», – деді ол. 

Отыншиевтың айтуынша, вьетнамдық инвесторға екі талап қойылады.

«Біріншісі, 2044 жылдың соңына дейін 38,4 миллиард теңге несиені өтеу. Екіншісі, бес жыл ішінде 20 Boeing немесе Airbus ұшағын сатып алуды қамтамасыз ету. Бұл кезеңді инвесторлар екі жылға ұзартады. Осы талаптарды қамтамасыз ету үшін вьетнамдық компания кепілдік беруге дайын», – деді Отыншиев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: