Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жазда Каспий теңізіне бірінші круиз маршруты ашылады

21.01.2024

562 0

Сурет: altaynews.kz

Ресей Каспий маңы елдерімен бірлесіп, 2024 жылдың жазында Каспий теңізі арқылы бірінші бағытты ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 19 қаңтарда РФ экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл бағыт «Ұлы Еділ жолы» жобасы аясында құрылған және Каспий маңындағы барлық мемлекетке – Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Түркіменстан және Ресейге барады.

РФ экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Волвачтың айтуынша, қазір Астраханьдағы «Лотос» кеме жасау зауытының аумағында «Великий Петр» круиздік кемесінің құрылысы жүріп жатыр. Ол арқылы ресейлік және шетелдік туристер Ресейде Каспий теңізі арқылы круиздерге шыға алады.

Сонымен қатар ол биыл Ресей мен Қазақстан арасындағы туристік ағындарды дамыту перспективасына тоқталды.

– Қазақстанмен туристік ынтымақтастықты ілгерілету бойынша одан әрі белсенді жұмыс істеуге дайынбыз. Ресейде Қазақстан Абхазия мен Түркиядан кейін баратын танымал бағыттар арасында үшінші орында тұр. Ресей өз кезегінде Қазақстанға келетін туристер саны бойынша бірінші орында тұр, – деді Дмитрий Волвач.

Кейінгі кезде екі ел арасында өзара туристік саяхаттар айтарлықтай артқан. 2022 жылы Ресей азаматтарының Қазақстанға туристік сапар жасағандар саны 2,4 миллион адамға жетті. Ресейге Қазақстаннан 1,7 миллионға жуық турист келген. 2023 жылдың тоғыз айында Қазақстаннан сапарлар саны 1,6 миллионнан асты, Ресейден Қазақстанға туристік ағын 2,2 миллион адам болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: