Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жұлдыз-жорамал: Қартайғанда қандай боласыз?

29.07.2023

544 0

Арманшыл Балықтар, өктем Арыстан, үйлі-баранды Шаян… Жұлдызы қандай болса да, барлық адам қарттық туралы бір сәт ойлап қояды. Ал сіздің жұлдыз жорамалыңыз қарттық шағыңыз туралы не дейді екен, әзіл-шыны аралас мына болжамды оқып көріңіз.

          Тоқты

          Оның асқақ арманы мен жойқын жоспары көп. Аз дегенде 120 жылға дейін өмір сүрсем дейді. Оған дейін әлемді аралап, таудың шыңын бағындырып, мұхиттың арғы жағына жетіп үлгеруі керек. Мұндай сауықшыл жандар арманының асқарына аса оңайлықпен шыға қояр ма екен?!

          Торпақ

          Торпақтар ұзақ жасайды. Барлық шыдамын жастық шағына жұмсайтын ол ата-анасына қатал билеуші болады. Себебі сес көрсетіп, сонша ақша жинаған. Мысалы оны мұрагеріне қалдыра салуы мүмкін.

          Егіздер

          Олар қартайғанда аса белсенді болады. Екінші тынысы ашылып, жаңалықтарға жаны құмартып тұрады. Зейнетке шыққан шағында еттен бас тартып, мұзды су ішіп, жаңа кәсіп ашып, түрлі өнер шығарса таңғалмаңыз.

          Шаян

          Басқаларына қарағанда, Шаян қарттыққа дайын, ол жас кезінен бастап қор жинайды. Олар ең жақсы ата-әже болады: шұлық тоқиды, бәліш пісіреді, немерелерін ата-аналарынан қорғаштайды, мектепке өздері апарып-алып келеді.

          Арыстан

          Олар ештеңеден қорықпаса да, қарттықтан қорқады. Үнемі билеп-төстеп, бұйрық беріп үйренген, ал қартайғанда мұндайға қауқары жетер ме?! Одан абыройы асқан ешкім жоқ. Есесіне мейірімді де жомарт жандар. Немересіне ұрсып та алады, мақтап та алады. Алайда ешкім онымен сөз таластыра алмайды.

          Бикеш

          Жылдар бойы дұрыс өмір сүріп келеді, кенеттен тек өз қалауы бойынша өмір сүруге шешім қабылдайды. Саяхатшылар ортасына қосылады, немересімен би кешіне барудан да тайынбайды.

          Таразы

          Бастысы – сұлулық! Қандай қарттық? Мұныңыз не? Дереу пластикалық отаға жүгіріп, шаштараз бен стилиске бару керек. Таразылар қандай процедура болса да бас тартпайды, тек жетпіс жасында да жиырма бес жастағы қыздай боп отырса болғаны. Немерелеріне ешқашан ұрыспайды, оларға аса құрметпен қарайды.

          Сарышаян

          Сарышаяндар үшін қартайған шақта нағыз өмір басталады. Бар нәрседен қолы босап, өз-өзіне уақыт арнайды. Артына із қалдыру мақсатында өлең, әңгіме, роман жазады. Айналасына шашатын уы азаяды да, мейірімді қартқа айналады.

          Мерген

          Бар жан-тәнімен қартаймауды тілейді. Егер қартаятын жағдай болса, екі жоспары бар: уақыт машинасын жасап, жастық шағына оралып, қателіктерін түзету немесе шағын арал сатып алып, сол жерде мәңгілікке қалу.

          Тауешкі

          Олардың уақытқа өз жауабы бар. Өмір бойы өзін байсалды ұстап жүреді де, қартая келе босаңси бастайды. Жұмыстан да, басқадан да өзін азат етіп, балаша өмір сүргісі келеді. Ештеңеге бас ауыртпайды. Немересімен бірге өзіне жаңа хобби іздейтін уақыт жетті. Өмір керемет!

          Суқұйғыш

          Қартайған сайын тежегіші істен шыға бастайды, оны тоқтату мүмкін емес. Күлгін пиджак, алқызыл шаш, сап-сары аяқ киім… Бар күшін жасаруға салады. Жастармен бірге қыдырып, оларға айтып беретін күлдіргі әңгімелер жинайды.

          Балықтар

          Олар еш қартайғысы келмейді. Бірақ алдан қарттықтан басқа тосар не бар?! Қартайған шақтың да өз ғажайыптары бар. Олар ең жақсы ата-әже болуға барын салады. Немерелерін қыдыртып, тамақтандырып, үйірмелерге тасуды өз мойнына алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: