Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жұлдызнама белгілерінің жағымсыз әдеттері

09.03.2024

576 0

Сурет:nur.kz

Астрологтар жұлдызнама белгілері өкілдерінің жағымсыз әдеттерін атады,  – деп хабарлайды Unian ақпарат агенттігі. 

Тоқтылар сөйлеп тұрған адамның сөзін бөледі

Тоқтылар – амбициясы жоғары, тәкаппар және әрқашан өз ойын айтуға дайын адамдар. Бұл жұлдызнама өкілдері импульсивті әрекет етуге бейім: олар ойланбай сөйлеуі және басқаның сөзін бөлуі мүмкін.

Торпақтар көп ақша құртады

Көп ақша құрту – Торпақтардың хоббиі. Жаңа киім сатып алу немесе тапсырыспен дәмді тамақ алдыру – Торпақтың өзін жақсы сезінуіне көмектеседі.

Егіздер батыл емес

Егіздер әдетте батыл емес келеді. Себебі олар үшін миын «сөндіріп тастау» қиын. Сол үшін олар өте көп ойланады, жағдайды бірнеше рет елестетеді және бір минуттың ішінде ойын бірнеше рет өзгертеді.

Шаяндар тұйық

Шаяндар – эмоционалды және қырсық адамдар. Олар өз сезімдерін көпшілік алдында ұстай алады және тұйықталып өзінің «қуысына» кіріп кетеді. Олар өздерін аяп бастаса, оны ол жақтан шығару қиын. Бұл жұлдызнама белгісі өкілдеріне алға жылжу үшін әрқашан өзін итермелеп отыру керек.

Арыстандар кешігіп жүреді

Арыстандар көпшілік назарында болғанды жақсы көреді. Олар басқаларды күттіріп қойып, өзіне күтім жасауға, киім мен аксессуар таңдауға көп уақыт жұмсайды.

Бикештер басқаларды түзейді

Бикештер тәжірибелік кеңестерді жақсы береді, ал сын айту – олардың махаббат тілі. Алайда Бикештердің ешкім сұрамаса да шындықты айтуы сізді шатастырып жіберуі мүмкін. Астрологтардың айтуынша, Бикештер – жұлдызнамасы бойынша перфекционистер. Сондықтан егер Бикеш сізді түзесе, бұл әдетте оның сізді құрметтейтінін білдіреді.

Таразылар әрдайым телефонда отырады

Әрине, барлық адам телефонды жиі пайдаланады. Бірақ Таразыларға телефонды тастау қиынға соғады.

Сарышаяндар әңгіме тыңдайды

Сарышаяндар – жұмбақ жандар. Олар әдетте ешкімге сенбейді, сол үшін де көбірек ақпарат жинау үшін жиі жасырын тыңдайды.

Мергендер қоштаспастан кетеді

Мергендер үнемі бір оқиғадан басқасына ауысып жүреді, сондықтан өзі үшін немқұрайлы адамдарға қымбат уақытын құртқысы келмейді. Қызығушылығы сөнген кезде Мергендер өз жолында кездестірген адамдармен қоштаспастан кете береді.

Тауешкілер шаруаларды кейінге қалдырады

Тауешкілер – еңбекқор адамдар. Бірақ берілген тапсырма оңай болса, олар оны кейінге, яғни соңғы минуттарға дейін ысыра береді.

Суқұйғыштар кейде ерсі пікір айтады

Еркіндікті жақсы көретін Суқұйғыштар – парасатты жандар. Алайда олар кейде ерсі пікір айтуы мүмкін. Бірақ олар оны басқалардың реакциясын көру үшін ғана айтады.

Балықтар қиялшыл

Балықтар өздерінің сезімталдығымен белгілі. Балықтар романтикаға берілген жандар. Алайда кейде олар шеттен тыс қиялға беріліп кетеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: