Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жұмысшы мамандар арасында байқау жариялады

26.09.2024

271 0

«Әділдік және өркендеу» қоры жұмысшы мамандық иелері арасында байқау жариялады

Байқау қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орай ұйымдастырылған. 

Жұмысшы мамандық иелері өз кәсібі жайлы бір минуттық ролик түсіріп, #adildikbaiqau және #adildikorkendeu хэштегімен инстаграмда жариялай алады.

– Басты мақсатымыз – қоғамда жұмысшы мамандықтар мен еңбек адамының мәртебесін арттыру. Сондай ақ, жұмысшылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің күнделікті еңбегін елге паш етуге мүмкіндік беру. Осылайша әркімнің еңбегі маңызды екенін тағы бір мәрте еске салмақпыз, – деді «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.

Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар әзір. Бірінші орын – робот шаңсорғыш, екінші орын – AppleWatch смарт сағаты, үшінші орын – Яндекс колонкасы. Байқау қорытындысы 10 қазанда жарияланады.

Қор байқауды жыл сайын өткізеді.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының өңірлерде 20 өкілдігі мен 3700-ден астам жақтасы бар. 7 өңірде қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Қордың жобалары – өнер кәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігінің, жол сапасы мен мектеп мәзірінің мониторингі.

Қордың манифестімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Баспасөз хатшысы – Гүлжан Марқабаева, +7 701 986 9966, adildik.org.kz@gmail.com

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: