Жұма, 22 қараша, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Абай сүйген Шүкімән

20.06.2023

959 0

Абай Құнанбайұлы – қазақтың бас, дара, дана ғұламаларының бірі. Қазақ танымын зерделеп әсерлі

туындылар сыйлаған алып тұлға. Абай ғұлама жайлы сөз қозғалса, ғашықтары туралы айтылады. Соның бірі –

Әйгерім.

Абай өміріндегі айтулы адамның бірі. Әй-Керім оқиғасы былай басталады. Абайдың әкесі Құнанбай Меккеге

кеткеннен кейін олар досы Ербол екеуі Байшора ауылына аттанды. Ауылға барар жолда жаңбыр жауады.Денеге жылу

еніп, шай ішкеннен кейін Абай оттың жылуында аздап жатып, түс көреді. Түсінде сүйіктісі Тоғжанды көреді, кенеттен

Абайды шақырғандай дауыс шығады. Абай көшеге ұйқысын аша алмаған күйінде шығады. Сөйтсе көрші үйде кезінде

Тоғжанмен бірге алтыбақан теуіп, салған «Топай көк» әні бұлбұл даусындай құбылып шығады. Естіген жерден Абай

Тоғжан деп таниды. Іс жүзінде ол Тоғжан емес, бірақ Тоғжаннан аумай қалған Байшораның әнші қызы Шүкімән болып

шығады. Ал Әй-Керім атын өзі әнші, өзі сұлу бітімге Шүкімән деген атты лайық емес деп тауып, Ербол екеуі Әй-Керім

деп ат қояды.

Әй-Керім −Абайдың екінші жары. Бәйбішесі – одан кейін алғаны. Әй-Керімнің шын есімі – Шүкімән. Қазақ-қырғыз

елдерінде бір мағынаны білдіреді. Кейбір деректерде қант секілді тәтті,-деп аударылады. Бүгінгі күнде: Әй-Керім, Әйгерім, −

деп айтылады. Шүкімәнға Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Бойжеткеннің керім болғаны соншалықты, ақын оны

«Әй-Керім» деп атап кеткен екен.

Абай Шүкімәнға 30 жасында үйленген, екеуінің арасы 11 жас екен. Әйгерім Абай өміріндегі Тоғжанды алмастырған

сүйікті әйел. Ақын, Әйгерімді кездестірген жерде үлкен бұлақ болған екен, сол бұлаққа қыздың есімі берілген. Әйгерім

текті отбасынан шыққан, арғы бабасы қазақтарды жоңғарлардан қорғаған − Мамай батыр.

Бір қызығы Ділдә Әйгерімге үйленемін деген Абайдың шешіміне  қарсы болмаған. «Күйбелең тіршілік пен алты бала мені

тоздырды, үйленсе, үйленсін» деп айтқан екен. Абай мен Әйгерімнің махаббаты, аққудың махаббатындай суреттеледі. Екеуінің

арасында төрт перзент болады. Тұңғышы Тұрағылды Ділдә өз тәрбиесіне алып өсіреді. Одан кейінгі перзенттері: Мекайл,

Ізкайл, Кенже. Міне, осыдан Абай мен Шүкімән махаббаты көптеген отбасыға үлгі болып, бүгінгі күнге дейін, қазақ-қырғыз

отбасыларында «Әйгерім» есімді қыздар саны артып, жалғасын тауып келеді.

Әйгерім ӨТЕП,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: