Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Алашта арда туған ер Махамбет

16.08.2023

672 0

«Күш білекте емес жүректе деген нақыл сөзді естігеніңіз бар ма?» Батырдың ең басты қасиеті оның күші, соғысу мәнері немесе сауыт сайманы емес жүрегіндегі рухы мен намысы. Байырғы соғыс заманында жау қолына тіке шабу көптің қолынан келмеген. Тек жүрегі рухқа толы, жауына айбат шеккен, ел-жұртының намысы мен абыройы үшін жан беруге дайын жауынгерлер қарсы тұрған. Қазақтың Махамбеттей батыры мен білетін рухты, жүректі, білекті батыр тұлғалардың бірі.

 Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туылған  Өтеміс бабаның он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында жауынгерлік пен атқа міну мәнерін үйренген. Бала кезінен ақындық пен шығармашылыққа қызыққан Махамбет Өтемісұлы  жыр-өлең жолдарына өзін арнайды. Өр мінез, өжет жанды бала Махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды. Бұлай жүргенімше қараша халқымның арасында жүргенім жөн деп Махамбет өзі шыққан ауылына қайтып оралады Көп ұзатпай 1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы халық батыры болады.

Сонау мектеп табалдырығынан бәрімізге белгілі Махамбеттің есімін айтқанда жанына қосып айтатын Исатай Тайманұлын кезіктіреді. Халық наразылығын білдіру үшін Исатаймен тізе қосып жұмыстарын жүргізе бастайды. Неге Махамбет хан үкімдеріне қарсы шықты?«Сол жылдары хан үкімдері халықтың барлығына ұнай берген жоқ. Мысалға Жәңгір ханның салық төлеу үшін не істейді, халықтан қомақты түрде салық жинайды, тағы да басқада осындай үкімдері халықтың ашуын келтірді. Бұндай кезде халқы үшін күйіп-пісіп отырған Исатай мен Махамбет ортақ әділет жүргізеді. Мысалға, осындай кішігірім жүздер мен рулардың би- төрелерге қарсы шыққанын ескерсек болады», – деп Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов өз пікірін білдірген. Ал Мақсат Мұратбеков «Меніңше Махамбет Өтемісұлының көптеген шығармашылық туындыларын мектеп бағдарламаларына қосқанымыз дұрыс. Ол кісінің жырларын мектеп оқушыларына немесе студенттерге насихаттағанымыз жөн. Мен тек  Махамбет Өтемісұлының ғана емес басқа да қазақтың ұлы тұлғаларының шығармашылықтарын,  өлең, дастандарын жастарға барынша көп мөлшереде құлақтарына сіңдіргеніміз дұрыс, сол арқылы ата-бабамыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қайта жаңғырта аламыз. Осы уақыттан бастап жастарды патриотизмге баулымасақ, байырғы батырлар секілді  елім, жерім деп тұратын  жастардың шығуы қиын», – деген пікірін алға тартады . Махамбет өзі Исатаймен бірге жүргізген шаруалар көтерілісінің жалынды жаршысы, көтерілісті ұйымдастырушылардың бір болды. Махамбет батыр Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл абақтыда отырып, 1831 жылы қашып шығады. Патша өкіметінің отарлау саясатынан кейін хан-сұлтандарға кекті жырлар, толғаулар арнай бастайды. Соның бірі ретінде Махамбет батырдың:

«Хан емессің, қасқырсың,

 Қас алабасты басқырсың,

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын.

Хан емессің ылаңсың,

Қара шұбар жылансың.

Хан емессің, аярсың,

Айыр құйрық шаянсың» – деген  толғауын мысал ретінде келтіруге болады.

Міне, мен білетін Махамбет өр рухты, қайсар мінезді жан. Бала күннен Махамбеттей батырың толғауларын оқып өскен соң ол кісі жайлы әңгме айтылса, батырлық, өрлік һәм қаһармандық жайлы сөз боларын білемін. Өйткені бізді санамызға Махамбеттің күрескерлігі, өрлікке толы ерлік жолы сіңді.

                                                                                         Садық Бай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: