Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Еліміздегі қалалардың біріне Кенесарының есімі берілді

21.06.2023

1209 0

Ақмола облысындағы Жарқайын ауданының орталығына Кенесары ханның аты берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Державин қаласының атауын өзгерту үшін 321 адам дауыс берген. Оның ішінде 192 адам Кенесарының есімі берілуін қолдаса, 125 адам қарсылық танытқан. Қалған 4 бюллетень жарамсыз деп танылыпты. 

Астанадан 482 шақырым дерде орналасқан Державин қаласында 2020 жылғы санақ бойынша 6307 адам тұрады. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында үш ауылдың атауы өзгеріп, қазақша атау берілген еді. 

«Семфирополь ауылының атауын өзгерту кезінде көп дау болды, екі рет жиын өтті. Жастардың қалауымен тарихи атауы қайтарылды. Сонымен қатар тағы төрт ауылдың құрамдас бөліктерінің атауын ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ал Еленовка ауылының атауы Самалтау деп өзгертіледі. Қазір бұл шешім аудандық мәслихат депутаттарының қарауында», – деді Зеренді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмат Балтағарин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: