Жұма, 27 желтоқсан, 14:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қорқыттың бойы 4 метр болған ба?

07.06.2022

1058 0

«Егемен Қазақстан» газетінің 7 маусымдағы санында Дүйсенәлі Әлімақынның «Скайлер «Түркістанды» неге жазды?» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада қазақ даласына келіп, бәрін көріп, том-том кітап жазған, артына мәңгілік мұра қалдырған саяхатшының бірі Юджин Скайлер туралы баяндалады. Бір қызығы, мақалада америкалық тарихшы, дипломат Скайлер Қорқыт бабаның бойының ұзындығы 4 метр деп жазғаны баяндалған.

«Скайлер енді күллі түркінің Дәдем Қорқытына көлемді еңбегінің 62-бетінен орын беріпті. «Таяу маңда үйінділер жатыр. Бұл ежелгі Жент қаласының орны болуы әбден мүмкін. Өзгелерінен көзге оқшау түсетін анау жартылай бұзылған қабір осы аймақтың абыз-әулиесі атанған Қорқыттың қабірі екенін өзі айтып тұрғандай». Ол осылай жаза келе, сан ғасырдан бері ел арасына тарап, аңыз болып келе жатқан ажалдан қашқан Қорқыт туралы аңызды баяндайды. Тіпті сөз арасында «Қорқыттың бойы 14 фудқа сәйкес келетін еді» (This Khorkhut, who was fourteen feet tall), – деп әр сәтінде көрген түсінен шошып, қабір азабын тартқысы келмеген Қорқыттың бойын сипаттайды. (Ескерту: 14 фуд шамамен 4,27 м.-ге тең. Сонда Қорқыттың бойы 4 метр болғаны ма?). Бұл деректі автордың қайдан алғанын білмедік, құдды кездескен адамындай суреттегеніне қарағанда, оның қолына нақты деректер түссе керек», − деп жазылған мақалада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: