Сейсенбі, 30 сәуiр, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Англия құрамасының жеңілісіне қапалы жанкүйерлер Лондонды астан-кестен етті

12.07.2021

1251 0

Еуро-2020-да жеңіліс тапқан Англия құрамасының жанкүйерлері Лондонда жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруда.

БАҚ мәліметінше, футбол көрсетілімі кезінде жанкүйерлер ән салып, отшашу атып, көңіл көтерген. Алайда Англия құрамасы үшін жеңіліс алып келген пенальти сериясынан кейін олар үйлеріне тарай бастаған. Жол-жөнекей шешуші ойынның нәтижесіне қапалы ағылшындар қаладағы қоқыстарды шаша бастаған. Бұған қоса, олар велосипедтер мен көліктерді сындырған. 

Тәртіпсіздіктің алдын алу үшін қала полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеген. Бұзақылық жасаған 45 адам ұсталып, кейбір көшелерде қозғалыс тоқтатылған. 

Айта кетсек, 11 шілдеде Еуро-2020 чемпионатының финалында Италия мен Англия Лондондағы «Уэмбли» стадионында бақ сынасты. Негізгі ойын 1:1 есебімен аяқталып, қосымша уақытта ешбір команда гол соға алмады. Ал пенальти сериясында италиялық футболшылар қарсыластарынан мықтырақ екенін көрсетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: