Бейсенбі, 18 шiлде, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Ішінде қазақстандықтар бар: Колумбияда қайық суға батып кеткен

10.07.2024

337 0

Сурет: zdg.md

Колумбияда мигранттар мінген қайық суға батып кетті. Оның ішінде қазақстандықтар да бар. Бұл турал Barron’s басылымы хабарлайды.

Суға батып кеткен мигранттар қайығындағы жолаушылардың арасында бірнеше қазақстандық, оның ішінде екі бала бар. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты әзірге ресми растаған жоқ.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, 9 шілдеде Колумбия жағалауында Кариб теңізінде 20 мигрант мінген кеме апатқа ұшыраған. Кемінде бір адам қаза тауып, төрт адам із-түзсіз жоғалған. Қайықтағы 15 жолаушы, оның ішінде алты бала құтқарылды.

Апат Колумбияның Никарагуамен шекарасына жақын жерде, Сан-Андрес және Провиденсия аралдарына жақын жерде болды. Қазір колумбиялық құтқарушылар жоғалған мигранттарды іздеуді жалғастырып жатыр. 

«Құтқарылған ересектер Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Қазақстан және Венесуэла азаматтары. Құтқарылған балалардың екеуі Қазақстаннан, үшеуі Венесуэладан», – деді Колумбия әскери-теңіз күштері.

Болжам бойынша, қайықтың жолаушылары АҚШ-қа баруды жоспарлаған мигранттар. Заңсыз иммигранттар арасындағы танымал бағыт Сан-Андрес және Провиденсия аралдары. Мигранттар Колумбия мен Никарагуадан теңіз арқылы Панамаға жеткізіледі. Ал ол жерден Мексика арқылы Америка Құрама Штаттарына жіберіледі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл оқиға туралы ештеңе білмейтіндерін айтты.

«Бізде мұндай ақпарат жоқ», – деді Айбек Смадияров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: