Қызылорда қаласында облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардың бірі – Aray City Mall ойын-сауда орталығында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткінің зияны мен оны қолданудың салдары туралы тұрғындарға ақпарат жеткізу, есірткі қылмыстарының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Полиция қызметкерлері орталыққа келушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тарату және қолдануға байланысты жауапкершілік туралы ақпарат берді. Сондай-ақ тұрғындарға есірткінің таралуына жол бермеуге шақыратын ақпараттық материалдар таратылды.
Мұндай профилактикалық жұмыстар қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға және әсіресе жастар арасында есірткінің алдын алуға бағытталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!