Сенбі, 29 тамыз, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65 (2277)
29.08.2026
PDF мұрағаты

Бәйтерекке барар жол

29.08.2026

23 0

Қызылорда қаласы күннен күнге жаңара түсуде. Мұны кейінгі кезде салынған зәулім ғимараттар мен түрлі нысандардан аңғаруға болады. Тақтайдай тегіс көшелерде қала көркін аша түсуде. Бұрын «шет аймақ шетте қалды» деп көп айтылатын.

Мәселен, облыс орталығындағы жол инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру үшін 185,8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Аталған қаржыға 2022-2026 жылдары 1700 шақырым автомобиль жолы мен 35 көпір өткелін салу, және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның нәтижесінде төрт жыл ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 82-ден 95 пайызға дейін артқан.

Биыл аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, шет аймақ жолдарын жөндеуге басымдық берілуде. Яғни, 23,6 млрд теңгеге қаладағы, қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі 70 көше қайта жаңғыртылып, күрделі және орташа жөндеуден өтеді.

Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары Байтерек тұрғын ауданында атқарылуда. Мердігер мекеме «Алем Транс Жол» ЖШС ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын автомобиль жолының құрылысын жүргізуде. Бүгінде жұмысшылар өндірте жұмыс істеп жатыр. Себебі межелі уақытта дейін үлгеру міндеттелген. 

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: