Қала әкімі Нұржан Ахатов жылу-электр орталығына барып, жылу беру мауысымына дайындығын тексерді. Аралау барысында шаһар басшысы қазандықтардың техникалық жағдайына, желілердің жұмыс режиміне және жүргізілген жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударды. Мамандар орталықтағы жабдықтардың жүктемесі мен тұрақтылығы жөнінде баяндап, жылу беру маусымына дайындығы туралы ақпарат берді.

«Жылыту маусымына сақадай сай болуымыз қажет. Дайындық жұмыстарын бәсеңдетуге болмайды. Қазірден бастап әлеуметтік нысандардың әзірлік паспорттарын тексеру керек», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Қала бойынша жылыту маусымына дайындық қызу жүргізілуде. Мамандар бекітілген кестеге сәйкес қызмет атқаруда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!