Базардың дүкендерден ерекшелігі саудаласуға болады. Тәжірибелі үй ханшайымдары сауда нүктелеріне тұрақты барып, бағаларды қадағалап отырады. Олардың пікірінше, балғын ет, сүт, жеміс-жидектерді базардан, тексерілген сатушылардан, ал жарма, қант, шай және басқа негізгі азық-түлік өнімдерін шағын көтерме сауда нүктесінен сатып алған тиімді.
Маусым кезеңінде жемісті базардағы өндірушіден тікелей сатып алған дұрыс. Басқа уақытта базарларда негізінен дүкендегідей жеміс-жидектер сатылады. Тауарлардың сөреге жетуін қадағалау қиын. Әкелінген жидектер парафинмен және бояғыштармен өңделген, құрамында нитрат және радиация болуы мүмкін, ол улануға немесе аллергияға әкеп соғады.
Көп адамдар базарда жекеменшік иелерінен сатып алған қауіпсіз деп есептейді, барлық фермерлер экологиялық жеміс-жидектер мен көкөніс сатпайды. Өз бақшаңыздың болуы жердің зиянды химикаттармен өңделмейтінін білдірмейді. Топырақта өскен өнімнің жылыжайдағы өнімнен, әрине, артықшылығы көзге көрініп тұрады, жылыжай жасанды жарық, жылыту және т.б. бірақ саяжай-бақша өнімдері де қауіпті болуы мүмкін, егер маңында трасса немесе химиялық зауыт болса, уланған, жүріп өткен машиналардың токсиндері мен газдарын өзіне сіңіріп алады. Базардағы өнім қандай жағдайда сатылатынын ескерген жөн. Кез келген базарда өзінің санитарлық және ветеринарлық бақылау қызметі бар, ол барлық өнімді талдауға сынауы тиіс.
Егер базарда сатып алу ресми құжатсыз жүзеге асырылса, тауарды қайтару егер сатып алушы базардың нақты сатушысынан сатып алғанын дәлелдесе, мүмкін болады. Сондықтан базарға таныстарыңызды ертіп барыңыз, кейін сауда жасағанда тауарларды немесе азық-түлік сатып алған кезде тауарды айырбастауды немесе ақшаны қайтаруды талап ету үшін керек болады.
Чек болмаған жағдайда тауарды сатып алу фактісін куәлердің айғақтарынан басқа фотосуретпен немесе бейнежазбамен растауға болады («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы). Енді күзетшінің сатып алушыға тауарды, бағаларды ұялы телефонға немесе басқа құрылғыға еркін түсіріп алуға тыйым салуға құқығы жоқ. Егер мәміле куәлердің қатысуымен жасалса немесе фото немесе бейнеқұжаттар болса, кез келген сот «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұтынушының жағында болады, іс қаралып қана қоймай, қанағаттандырылатын болады.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы,
Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат,
жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30.
Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: Дзпп Кызылорда
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!