Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсетілді.
Акция барысында көпбалалы отбасыларға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары мен керек-жарақтар табысталды.
Іс-шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына қолдау білдіру.
Балаларға жасалған әрбір қолдау – олардың болашағына жасалған маңызды қадам!
Жақсылық жасау – баршаға ортақ міндет!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!