Бейсенбі, 27 тамыз, 13:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64 (2276)
25.08.2026
PDF мұрағаты

Листериоз ауруынан сақтану жолдарын біле жүріңіз

27.08.2026

26 0

Листериоз ауруы – Listeria monocytogenes бактериялары тудыратын инфекциялық ауру. Listeria monocytogenes табиғатта өте кең таралған. Олар топырақта, суда, өсімдіктерде, кеміргіштердің нәжісінде сақталады. Listeria monocytogenes бактериясы өмір сүретін орта – топырақ, ақпайтын сулары бар көлдер. Сыртқы ортада өте тұрақты, 1-45°С аралығында өсіп-өне береді. Тұрмыстық тоңазытқыштардағы тағамдарда да белсенді көбейіп, өмір сүре алады. Листериялар термиялық өңдеуге де шыдамды. 70°С-та 20-30 минуттан кейін, 100°С-та 3-5 минуттан кейін өледі. Инфекция адамнан адамға, жүкті әйелден құрсағындағы ұрығына беріле алады.
Аурудың алғашқы диагнозы клиникалық симптомдарға байланысты қойылады: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, жалпы әлсіздік, дененің, іштің ауыруы, жүрек айну, іш өту, суық тию белгілері мен тамақ ауыруы, ауыр жағдайларда нерв жүйесінің зақымдануы байқалады. Сонымен қатар генетикалық-молекулярлық зерттеулер арқылы диагностикалау кезінде қойылады. Жүкті әйелдердің листериозбен ауыруы басқа топпен салыстырғанда 20 есеге жоғары. Листериоз түсік тастауға немесе ұрықтың өлі туылуына әкеп соғуы мүмкін. Листериоз шикі ет, балық, пастерленбеген сүт өнімдерін пайдаланғанда және дұрыс жуылмаған жеміс-көкөністер арқылы берілуі мүмкін. Ауру жануарлармен және кеміргіштермен тікелей қатынас арқылы да жұғады.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аурудың алдын алу бойынша келесі сақтық шараларын ұсынады:

  • тек термиялық өңделген өнімдерді, әсіресе термиялық өңделген ет, балық, сүт өнімдерін пайдалану;
  • көкөністерді, жеміс-жидектерді мұқият жуу;
  • тек тексерілген және тазартылған су ішу;
  • қол гигиенасын сақтау, шикі етті кесуге арналған пышақ, тақтайларды, қолданылатын ыдыстарды жуу және өңдеу;
  • шикі және пісірілген тамақ өнімдерін сақтау кезінде сұрыптау;
  • жануарлармен, олардың тері, жүнін ұстайтын, листериозбен ауыратын науқастармен және басқа да тәуекел топтарымен байланыста болатын адамдар жеке қорғаныш құралдарын пайдалану қажет.

Әлия Әбдіқаййымов
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбаса

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: