«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікте көшелер мен аулалардың тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ретке келтіру, бей-берекет өскен шөптерді шабу және тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді.

Қала әкімі Нұржан Ахатов сенбіліктегі шараларды аралап, тазалық жұмыстарына жауапты мекеме басшыларына аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту, тазалықты тұрақты сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу жөнінде тапсырмалар берді.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!