Құрылтай

Дүйсенбі, 17 тамыз, 10:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61 (2273)
15.08.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық өнерді ұлықтайтын жаңа мемлекеттік наградалар пайда болады

16.08.2026

40 0

Қазақстанда ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға үлес қосқан азаматтарды ынталандыру үшін жаңа мемлекеттік марапаттар енгізіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді.

Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: