Құрылтай

Сенбі, 15 тамыз, 00:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61 (2273)
15.08.2026
PDF мұрағаты

Жаңа оқу жылына қоғамдық көлік дайын ба?

15.08.2026

18 0

Осы күні қоғамдық көлік сапасына айтылар сын-пікірлер көп екені жасырын емес. Халық санының өсуі жыл сайын қоғамдық көлікке деген сұранысты арттыруда. Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Бұл кезеңде білім беру ұйымдарымен қатар, қаладағы қоғамдық көлік қызметіне де түсетін жүктеме артады. Әсіресе таңертеңгі және кешкі уақытта автобустарға деген сұраныс жоғарылайды. Осыған байланысты қалада қоғамдық көліктің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау мақсатында қала әкімі Нұржан Ахатов қалалық автобус паркіне барып, жолаушылар тасымалының ұйымдастырылу барысымен танысты.

Қоғамдық көлік сапасына қойылатын негізгі талаптың бірі – тазалық. Осыған орай, қала әкімі әрбір автобустың ішкі және сыртқы тазалығын күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды. Автобустар бағытқа шығар алдында жуылып, дезинфекцияланып, салондары талапқа сай ретке келтірілуі қажет. Бұл, әсіресе, күн сайын қоғамдық көлікті пайдаланатын оқушылар мен студенттер үшін маңызды. Қала әкімі Нұржан Ахатов әрбір автобустың ішкі және сыртқы тазалығы күнделікті бақылауда болуы тиіс екенін қадап айтты.

Рейске шығар алдында кө­ліктерді жуу, дезинфекциялау және салондарды ретке келтіру жұмыстарын жүйелі түрде жүр­гізуді тапсырды. Жұмыс сапары барысында автобустардың тех­никалық және санитарлық жағ­дайы, қозғалыс интервалы, сондай-ақ жаңа оқу жылы қар­саңындағы тасымалды күшейту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар қозғалыс кес­те­сінің сақталуы тұрақты бақы­лауда болады. Әсіресе мек­теп­тер мен оқу орындары орна­­ласқан ау­мақтардағы жолау­шылар ағыны назарға алынып, автобустардың қозғалыс интер­валы барынша қысқарты­лады. Бұл оқушылар мен сту­денттердің сабаққа уақытылы жетуіне мүмкіндік беріп, таңғы және кешкі уақыттардағы жолау­шылар легін тиімді ұйымдас­тыруға бағытталған.

Қала әкімі жауапты сала басшыларына қоғамдық көлік қызметінің сапасын бақылауды күшейтіп, автобустардың кеші­гуіне және салондардың талапқа сай болмауына жол бермеуді тапсырды.

– Біздің басты міндетіміз – балаларымыздың мектепке қауіп­сіз барып-келуін қамтамасыз ету. Автобустардың кешігуіне немесе салондардың таза болмауына жол берілмеуі тиіс, – деді Нұржан Ахатов.

Қазіргі таңда «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не қарасты үлкен сыйымдылықтағы авто­бустар қалалық бағыттар бойын­ша жолаушыларға қызмет көрсету­де. Қолданыстағы бағыттардағы қозғалыс интервалы орта есеп­пен 12-15 минутты құрай­ды. Ав­тобустардың техникалық жағ­­дайы күн сайын тексері­ліп, ақауы анықталған көліктер рейске жіберілмейді. Оның орнына ре­зервтік автобус шығарылады. Қалаішілік жолаушылар тасы­малын қамтамасыз ету үшін күн сайын 260 автобус жолға шығады. Ал жаңа оқу жылының басталуымен қоғамдық көлікке түсетін жүктеме едәуір артады. Осыны ескере отырып, 25 та­мыз­дан бастап қалаішілік автобус бағыттары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қала әкімі Нұржан Ахатов оқушылар мен студенттердің сабаққа кешікпей жетуі үшін көліктердің аралық интервалын барынша қысқартуды және қозғалыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: