Құрылтай

Жұма, 14 тамыз, 19:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60 (2272)
11.08.2026
PDF мұрағаты

Бас мүфти Қызылордада жаңа мешіт ашылуына қатысты

14.08.2026

36 0

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына арнайы сапармен барды. Сапар аясында Бас мүфти Тасбөгет кентінде Ербатыр ата» атындағы жаңа мешіттің ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шара Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бас мүфти өз сөзінде мешіттің қоғамдағы рухани-әлеуметтік маңызына тоқталып, Алла үйін салуға үлес қосқан азаматтардың сауабы мол екенін атап өтті.

«Бұл мешіт жастардың, жалпы жамағаттың бос уақытын пайдалы іспен өткізуге, білім алып, тәрбие көкжиегін кеңейтуге, дұрыс діни түсінікпен өмір сүруге мүмкіндік береді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мешiтке баруды әдетке айналдырған адамды көрсеңiздер, оның иманды екенiне куәлiк етіңдер. Хақ Тағала айтады: «Ақиқатында Алла Тағаланың мешіттерін Хақ Тағалаға және Ақырет күніне иман келтірген, намаз оқыған, зекет бергендер көркейтеді», – деген. Расында мешітке жиі баратын адамның иманы күшейеді»,- деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Жолкелдіұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы және Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Абзал Жұмашұлы қатысып, қала тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Екі қабатты мешіттің жалпы аумағы 946,72 шаршы метр. Құлшылық үйі бір мезетте 700 адамға дейін қабылдай алады. Мешіт құрылысы 2022 жылы Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Абзал Ералиевтің демеушілігімен басталған.

Жаңа мешітте ерлер мен әйелдерге арналған бөлек намаз залдары, имам кабинеті, Құран оқыту және неке қиюға арналған арнайы бөлме, екі дәрісхана, сондай-ақ заманауи талаптарға сай дәретханалар қарастырылған.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысында 195 мешіт халыққа қызмет көрсетеді. Оның 24-і облыс орталығында орналасқан. «Ербатыр ата» мешіті — Қызылорда қаласындағы 25-ші құлшылық үйі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: