Құрылтай

Дүйсенбі, 10 тамыз, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59 (2271)
08.08.2026
PDF мұрағаты

«Өлең мен қара сөз – ұлтқа өнеге»

10.08.2026

30 0

Ұлы ойшыл, қазақтың дара перзенті Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада хакім Абайдың жүрекке жол тартқан өлеңдерін мәнерлеп оқып, адамгершілікке, білім мен еңбекке үндейтін қара сөздерінен үзінділерді көпшілік назарына ұсынды.


Даналықтың дариясына айналған Абай мұрасы – ұлт руханиятының алтын қазығы. Қызметкерлер ақын шығармаларын тебіреніспен орындап, хакімнің өмірлік ұстанымдары мен өнегелі ойларын кеңінен насихаттады. Әрбір оқылған өлең шумағы мен қара сөз жас ұрпақты ізгілікке, парасаттылыққа, елін сүюге және адал еңбек етуге үндейтін рухани құндылық ретінде дәріптелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: