Жұма, 28 тамыз, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64 (2276)
25.08.2026
PDF мұрағаты

5547 әскери бөлімде «Мектепке жол» акциясының өтті

28.08.2026

43 0

2026 жылғы 27 тамызда 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің қатысуымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акция аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу құралдары, кеңсе тауарлары және басқа да қажетті заттар табыс етілді.
Іс-шара барысында балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тілектер айтылып, білім алуға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған жылы лебіздер білдірілді.
Сонымен қатар, әскери қызметшілерге қайырымдылықтың, өзара қолдаудың және қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы түсіндірілді. Акция жеке құрам арасында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
Өткізілген «Мектепке жол» акциясы барысында әскери бөлімнің жеке құрамы қайырымдылық пен ізгіліктің маңыздылығын көрсетіп, балаларға жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауға өз үлестерін қосты.
Аталған іс-шара әскери қызметшілер арасында әлеуметтік-қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды жандандыруға және қоғамға пайдалы бастамаларды қолдауға бағытталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: