Құрылтай

Жұма, 14 тамыз, 17:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60 (2272)
11.08.2026
PDF мұрағаты

«Денсаулық аралы»: дерттің алдын алу және МӘМС

14.08.2026

23 0

«Small» сауда орталығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Денсаулық аралы» акциясы өтті. Іс-шара халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға, аурулардың алдын алуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталды.

Акция аясында №3 қалалық емхананың мамандары тұрғындарға тегін экспресс-скрининг жүргізіп, медициналық кеңес берді. Қатысушылар артериялық қан қысымын, бойы мен салмағын өлшетіп, қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтай алды. Сонымен қатар мамандар салауатты өмір салтын ұстану және созылмалы аурулардың алдын алу бойынша ұсынымдар берді.

Медицина мамандары қауіп факторларын ерте анықтауға ерекше назар аударды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар адамның денсаулық жағдайын дер кезінде бағалауға, ықтимал ауытқуларды анықтауға және қажет болған жағдайда қосымша тексеруден өтуге мүмкіндік береді.

Акция қала тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды. Сауда орталығына келген көптеген тұрғын денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін тегін тексертіп, мамандардан жеке ұсынымдар алды.

Іс-шара барысында Қордың облыстық филиалының қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша да түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға МӘМС жүйесіндегі соңғы өзгерістер, сақтандырылған мәртебесін алу тәртібі, жарналар мен аударымдарды төлеу ережелері, сондай-ақ жүйеге қатысудың артықшылықтары туралы ақпарат берілді.

Мамандар 2026 жылдан бастап күшіне енген өзгерістерге де жеке тоқталды. МӘМС аясында диспансерлік есепте тұрған пациенттер үшін бірқатар созылмалы ауруларды емдеу және динамикалық бақылау қарастырылған.

Акцияға қатысушыларға МӘМС жүйесі және медициналық көмек алу тәртібі туралы өзекті ақпарат қамтылған ақпараттық материалдар таратылды.

Қор филиалының сарапшысы Алия Убисултанованың айтуынша, сақтандырылған мәртебесінің болуы азаматтарға медициналық қызметтердің кең ауқымына алуға мүмкіндік береді.

«Денсаулыққа қамқорлық жасау профилактикадан және медициналық көмекке уақтылы жүгінуден басталады. Сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізу және қаржылық себептерге байланысты емдеуді кейінге қалдырмау үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесінің болуы маңызды», – деп атап өтті маман.

«Денсаулық аралы» акциясы медицина мамандары мен тұрғындар арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін тағы бір алаңға айналды. Мұндай іс-шаралар қауіп факторларын дер кезінде анықтауға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктері мен аурулардың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: