Құрылтай

Жұма, 07 тамыз, 18:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58 (2270)
04.08.2026
PDF мұрағаты

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

07.08.2026

30 0

Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша кенеге қарсы залалсыздандырудың күзгі маусымы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қолайсыз деп есепке алынған 74 елді мекенде екі кезеңмен жүргізілуде. 2026 жылғы 20 шілдеден басталған бұл өңдеу жұмыстары қыркүйек айының 10-на дейін жалғасады. Кенеге қарсы дәрілеу шаралары қолайсыз елді мекендердегі мал қоралары, буферлік зоналар мен санитариялық-қорғаныс аймақтарын қамтиды.


Жыл басынан бері облыс бойынша аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына 27 күдікті жағдай тіркеліп, оның 11-і клиникалық-зертханалық және эпидемиологиялық жолмен нақтыланды. Атап айтқанда, Арал-1, Қазалы-1, Қармақшы-2, Жалағаш-1, Шиелі-1, Жанақорған-3, Қызылорда қаласы-2 дерек анықталды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық-энтомологиялық зерттеулер жүргізіліп, залалсыздандыру жұмыстары жасалды.
Ағымдағы жыл басынан тұрғындар арасында 1403 адам кене шағумен медициналық көмекке жүгініп, 14 күн бойы медициналық бақылауда болды.
Жыл сайын көктемгі, күзгі эпидемиологиялық маусымда арнайы зоологиялық-паразиологиялық топ құрылып, кенелердің таралуы, дамуы, түрлік құрамы, жұқпалылығы, яғни жалпы эпизоотологиялық жағдайға зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл «Ұлттық сараптама орталығы» облыстық филиалының зертханасында 2670 кене сынамасы зерттеліп, 12 оң нәтиже анықталды.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті табиғатқа шыққанда, егіндік, мал шаруашылығымен айналысқанда, сондай-ақ, балық аулау, далалық жағдайда еңбекпен шұғылданғанда келесі сақтану шараларын ұсынады:

  • мал қырқымы кезінде қырқымға қатысушылар қорғаныс киімдерімен жұмыс жасау, ұзын резеңке қолғап, алдына резеңке алжапқыш және ұзын қоныш етік кию;
  • кенелердің жабысуын болдырмауға арналған түрлі жақпа майлар, аэрозольдер түріндегі үркіткіш заттар (репелленттер) пайдалану;
  • ауылшаруашылық малдарына, үй жануарларына күтім жасағанда мейлінше ақшыл түсті жабық киім кию, шалбардың балағын етік ішіне немесе шұлық ішіне салып, жеңді түймелеп, кене кірмеу жағдайын жасау;
  • кенені жалаң қолмен ұстап, өлтірмеу;
  • санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық талаптарды орындау.
    Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан бастап дер кезінде медициналық көмекке жүгіну – аурудың асқынуы мен өлім жағдайларының алдын алатынын есте сақтаңыз!

Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: