Отбасы банк әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасына өтініш қабылдауды бастады. Өтінішті банк бөлімшесіне бармай-ақ, жеке кабинеттен онлайн беруге болады.
Банк менеджерімен бейнеқоңырау арқылы байланысып тапсыруға болады. Оператор кеңес беріп, сұрақтарға жауап береді және өтінімді онлайн қабылдайды. Өтінімді онлайн бергенде электрондық құжаттардың болуы жеткілікті.
Бағдарлама аясында сатып алуға 50 млн теңгеге дейін, ал баспананы жөндеуге 15 млн теңгеге дейін несие беріледі.
«Ұмайға» қатысу үшін отбасының орташа айлық таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы керек. Төлем қабілетін растау үшін соңғы 6 айдағы ресми кіріс есепке алынады.
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 14,8%. Несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,3% бен 16,8% аралығын құрайды.
Жалпы «Ұмай» бағдарламасы арқылы 45 млрд теңге ипотека берілмек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
