Дүйсенбі, 31 тамыз, 11:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65 (2277)
29.08.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада тәртіп сақшыларының қызметтік дайындығы пысықталды

30.08.2026

32 0

Фото: Qyzylorda PD

Қызылорда облысы Полиция департаментінің саптық алаңында жеке құрамның қызметтік дайындығын пысықтауға бағытталған дәстүрлі апталық саптық жиын өтті. Әр дүйсенбі сайын ұйымдастырылатын жиын барысында полиция қызметкерлерінің саптық тәртібі, қызметке дайындығы және белгіленген талаптарды сақтау деңгейі тексеріледі.

Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы таңғы сапқа шыққан қызметкерлердің нысандық киім үлгісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін, қызметтік куәліктері мен жетондарының болуын тексерді. Сондай-ақ жеке құрамның сыртқы келбетіне, саптық жарғы талаптарын сақтауына және қызметтік тәртіпке жауапкершілікпен қарауына назар аударылды.

Саптық жиында жеке құрамға нысандық киімді белгіленген талаптарға сай кию, саптық дағдыларды жетілдіру, тәртіп пен жауапкершілікті арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Алдағы 1 қыркүйек – Білім күніне орай полиция қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға басымдық беру қажеттігі атап өтілді.

Жеке құрамға қызметтік міндеттерін сапалы орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау және кез келген жағдайда қырағылық таныту тапсырылды. Апталық саптық жиын соңында полиция қызметкерлері салтанатты шерумен сап түзеп өтіп, күнделікті қызметтеріне кірісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: