Дүйсенбі, 31 тамыз, 12:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№65 (2277)
29.08.2026
PDF мұрағаты

Гүл сыйлау міндет емес: Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

31.08.2026

32 0

Фото: Оқу-ағарту министрілігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлау мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәлімдеуінше, ұстазға гүл сыйлау-сыйламау оқушы мен ата-ананың ерікті таңдауы болып қалуға тиіс, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік өкілдері гүл сыйлау – жақсы дәстүр екенін атап өтті. Алайда бұл міндетке, жарысқа немесе ата-аналарға артық шығын әкелетін жағдайға айналмауы керек.

«Мұғалімдерге 1 қыркүйекте гүл сыйлау – жақсы дәстүр. Бірақ ол міндетке немесе жарысқа айналмауы, артық шығынға себеп болмауы керек. Ең бастысы – гүл шоғының көлемі мен бағасы емес, баланың мұғалімге деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен оның ата-анасының ерікті таңдауы болып қалуға тиіс», – делінген Оқу-ағарту министрлігінің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ мектептер гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашы болмауы керек. Бұған қоса, білім беру ұйымдары ақша жинауды ұйымдастырмауға және мұндай міндетті ата-аналарға жүктемеуге тиіс.

«Біздің мақсатымыз – жаңа оқу жылының алғашқы күнін артық сән-салтанатсыз, жылы атмосферада өткізу. Сонымен қатар оның тәрбиелік мәнін сақтап, балалардың бойына мұғалімге құрмет, қарапайымдылық пен мейірімділік қасиеттерін сіңіру», – деп хабарлады министрлік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: