№6 қалалық емхананың мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сарманова Динара Сардарбекқызының төрағалығымен гемодиализ қабылдайтын созылмалы бүйрек жеткіліксізігі бар және «күту парағындағы» пациенттер мен тұрғындарға ағза донорлығы бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында шара ұйымдастырылды.
Жиынға ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегi республикалық орталық мамандары, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамының орынбасары Жақсыбек Әбенов пен медицина қызметкерлері қатысты.
Шара барысында мамандар гемодиализ, бүйрек ауыстыру, донор болу үшін жүргізілетін қажетті шаралар бағытында түрлі мағлұматтар бердi.
Басқосу соңында пациенттер мен қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, ағзалық донорлықты дамыту бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытындағы ұсыныстар ескерiлдi.
Бұл тақырыптағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!