Құрылтай

Сәрсенбі, 05 тамыз, 17:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58 (2270)
04.08.2026
PDF мұрағаты

Трансплантациялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді

04.08.2026

30 0

Облыстық көпбейінді ауруханасының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сарманова Динара Сардарбекқызының төрағалығымен «Трансплантациялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараға ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК-ның мамандарымен облыстық медициналық ұйымдар бас дәрігерлерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасарлары және кардиолог, невропатолог, нейрохирург, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер қатысты.

Дәрігерлердің трансплантациялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру бағытындағы білімдерін жетілдіру, сондай-ақ практикалық дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада:
• «Ми өлімі»;
• «Ми өлімін анықтау (констатациялау) және оның критерийлері. Донорлық үдерістің алгоритмі»;
• «Донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесі. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу» тақырыптары қозғалды.

Оқыту барысында сонымен қатар трансплантация саласындағы өзекті мәселелер, ми өлімін диагностикалау тәртібі, әлеуетті донорларды анықтау алгоритмдері, донорлар мен реципиенттердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ, шара барысында қатысушыларға тәжірибелiк мысалдар ұсынылып, сұрақ-жауап бағытында пікір алмасу ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

<strong>Трансплантациялық үйлестіру және донорлық процесті ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді</strong>

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: