Құрылтай

Бейсенбі, 13 тамыз, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60 (2272)
11.08.2026
PDF мұрағаты

Шиеліде жастар күніне арналған мерекелік шара өтті

13.08.2026

44 0

Сурет: Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай мерекелік шара өтті.

Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов жастарды айтулы мерекемен құттықтап, олардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Жастарға білім алып, өз қабілеттерін шыңдап, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға және туған жердің дамуына үлес қосуға шақырды.

Сондай-ақ, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі салаларда өз жетістіктерімен танылып жүрген бірқатар жастарға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының қатысуымен әзірленген концерттік бағдарламамен жалғасып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем ән мен күмбірлеген күй, көрермендерге ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: