Құрылтай

Сәрсенбі, 12 тамыз, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60 (2272)
11.08.2026
PDF мұрағаты

Шомылу маусымындағы санитариялық жағдай басты назарда

12.08.2026

29 0

Жазғы шомылу маусымының белсенді кезеңінде тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету — басты назарда. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі жағажайлар, демалыс аймақтары мен бассейндердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде мониторинг пен бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда департаменттің бақылауында 4 жағажай бар, олар:

  • Арал ауданы: Қамыстыбас көлі жағасындағы «Аққұмшық» жағажайы;
  • Қармақшы ауданы: Сырдария өзені бойындағы «Мұратбаев» жағажайы;
  • Шиелі ауданы: Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» жағажайы;
  • Қызылорда қаласы: «Эдельвейс» жағажайы.
    2026 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша аталған демалыс аймақтарынан микробиологиялық көрсеткіштерге 2 сынама, санитариялық-химиялық, вирусологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге 1 сынама алынды. Алынған сынамалар бойынша гигиеналық нормативтерден ауытқушылықтар мен сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау длепартаментімен 31 бассейн есепке алынған. Шомылу маусымында жасанды су айдындарының сапасын қамтамасыз ету — айрықша назар аударуды талап етеді. 2026 жылдың І жартыжылдығында бассейндерден микробиологиялық көрсеткіштерге 4 сынама алынып, сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Дегенмен, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге алынған 3 сынаманың барлығынан хлоридтер, сульфаттар және жалпы қаттылық бойынша сәйкессіздіктер тіркелді. Бұдан бөлек, санитариялық-химиялық көрсеткіштері, яғни құрғақ қалдықтар мен хлоридтер бойынша сәйкессіздіктер қаладағы бассейндердің біріне жүргізілген жоспардан тыс тексеру кезінде анықталды. Осыған байланысты, жауапты тарапқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, 1-тармағы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.
    Жазғы шомылу маусымы басталмас бұрын Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма мамандары демалыс орындарының иелері мен тұрғындар арасында профилактикалық ағарту жұмыстарын белсенді жүргізді. Атап айтқанда, «Dalapark», «Eco village», «Karibi», «Koksu village», «Selena aqua», «Safi aqua» және «Dimash aqua» демалыс орындарында санитариялық талаптарды сақтау, суды уақтылы тазалау және дезинфекциялау бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
    Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! > Шомылу маусымы барысында тек арнайы рұқсаты бар, санитариялық-гигиеналық талаптарға толық сай келетін ресми жағажайлар мен бассейндерде демалуды, ал бейберекет шомылуға тыйым салынған қауіпті су айдындарынан аулақ болуды сұраймыз.

Г. Сыздыковаы
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: