1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күні.бұл-әлемдегі ең жарқын әрі мейірімге толы мереке.
Өйткені бұл күн балаларға арналады. Балалар-әр отбасының бақыты, еліміздің болашағы және қоғамның жарқын үміті. Сондықтан олардың бақытты өмір сүруі сапалы білім алуы және қауіпсіз ортада өсуі өте маңызды балалар мейрамы алғаш рет балалардың құқығын қорғау мақсатында пайда болды. Бүгінде бұл мереке ерекше тойланады. Қала мен ауылдарда концерт,спорттық жарыс, түрлі ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Балалар ән айтып, би билеп мерекеге тарту жасайды. Кішкентай балақайларға сыйлықтар табысталып қайырымдылық шаралары өткізіледі.
Бұл мереке тек көңіл көтеру үшін ғана емес балаларға қамқорлық көрсетілетін ғажап күн. Әр бала махаббатқа, мейірімге және жақсы тәрбиеге лайық. Баланың бақытты болуы-отбасының да, мемлекеттің де басты міндеті. Себебі бүгінгі бала-ертеңгі елдің азаматы. Егер балалар білімді болып өссе, еліміздің болашағы да жарқын болады. Қазіргі таңда балаларға барлық жағдай жасалуда. Олардың мектепте білім алып спортпен айналысып өнер үйренуіне мүмкіндік жасалған. Балалардың арасында ата ананың қамқорлығына зәру, көмекке мұқтаж жандар бар. Сондықтан қоғам арасында әрдайым балаларды қорғап, оларға қолдау көрсетуі керек.
балалар мейрамы-мейірім мен қуаныштың мерекесі. Бұл күн әр бала өзін бақытты сезінуі керек. Барлық баланың дені сау білімді, әрі бақытты болып өсуі қоғамның басты міндеті.
Серік Іңкәр,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!