Жұма, 05 маусым, 17:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 (2253)
02.06.2026
PDF мұрағаты

«Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» кәсіби мерекелеріне орай сала мамандары марапатталды

05.06.2026

47 0

Бүгін Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Эколог күні және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған мерекелік салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға экология саласының ардагерлері, сала қызметкерлері, табиғатты қорғау бағытында еңбек етіп жүрген мамандар мен мекеме өкілдері қатысты.

Мерекелік іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Жаханов Бахыт Дүйсенұлы құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, жиын барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және қоршаған ортаны қорғау саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар марапатталды. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен экология саласының ардагері Құрманбаев Марат Ердәулетұлы, сондай-ақ, «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері Ахметова Зухра Сейілбекқызы және «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған орта департаментінің директоры Беклиев Әділбек Қоштайұлы марапатталды.

Сонымен қатар, сала қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: