Жексенбі, 23 тамыз, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада 18 жастағы 10519 азамат бірінші рет дауыс беруге мүмкіндік алды 

23.08.2026

40 0

Бүгін Қызылорда өңірінің тұрғындары үшін әдеттегі жексенбі емес. Аймақ халқы ел үшін маңызы бар республикалық Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділік танытуда.Облыстағы 386 сайлау учаскесінде тізімге сай тіркелген азаматтар бюллетень алып, дауыс беруде. Олардың қатарында 18 жасқа толып, тұңғыш рет науқанға жастар да бар.Олар бірінші рет бюллетень алып, өз таңдауларын жасап көрді.- Дауыс беруді үлкен жауапкершілік деп қараймын. Еліміздің өркендеуі, мемлекет үшін маңызды істерді жастар бізден бірінші жүруіміз керек. Бір топ жастар болып өз таңдауымызды жасауға келдік,- дейді жас тұрғын.Еске салайық, Құрылтай сайлауы күні облыс бойынша 500 591 азамат дауыс беруге құқылы.Облыста 386 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2720 комиссия мүшелері қызмет атқарады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: