Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылы, №105 сайлау учаскесі
Жаңажол ауылындағы №105 сайлау учаскесінде көпшілікке ерекше әсер қалдырған отбасылық көрініс орын алды. Бір шаңырақ астында 60 жыл ғұмыр кешкен Тортаевтар отбасы сайлау учаскесіне ұлттық киімдерін киіп, бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
Алты онжылдықты бірге өткерген ерлі-зайыптылардың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнеге. Олар талай қуанышты бірге қарсы алып, қиындықтарды да бірге еңсеріп, шаңырақтың берекесін сақтап келеді.
Тортаевтар отбасының бұл қадамы жастарға үлкенді сыйлау, отбасын қадірлеу және бірге өмір сүрудің мәнін көрсеткендей.
Алпыс жыл бірге – алпыс жылдық өнеге. Тортаевтар әулетіне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және шаңырақтарына береке тілейміз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!