Белгілі спортшы, 2004 жылғы Афина Олимпиадасының чемпионы, халықаралық спорт шебері Бахтияр Ғарифоллаұлы Қызылорда қаласындағы №380 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз дауысын берді.
Әйгілі боксшы өз сөзінде бұл саяси шараның мемлекет үшін тарихи маңызын айрықша атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қарсаңындағы үндеуінде бұл саяси науқанның ел болашағы үшін айрықша маңызын атап өтті.
Құрылтай депутаттарын сайлау – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын жауапты кезең.
Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруге қатысып, өзінің конституциялық құқығы мен азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды.
Науқанның заң талаптарына сай, жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету – баршамызға жүктелген ортақ міндет», – деді Бахтияр Ғарифоллаұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!