Жексенбі, 23 тамыз, 10:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

«Нартай сазы» ансамблі өз таңдауын жасады

23.08.2026

32 0

Ұлттық өнерді дәріптеп, халықтың рухани мұрасын насихаттап жүрген Шиелі ауданындағы «Нартай сазы» фольклорлық ансамблінің өнерпаздары ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.

Сайлау күні өнер ұжымы концерттік бағдарламасын ұсынып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық өнерді ұлықтаған ансамбль мүшелері кейін бірлесіп сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

Өнерпаздар ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әр азаматтың белсенділігі маңызды екенін атап өтті.

– Ұлттық өнерді дәріптеп жүрген өнер ұжымы ретінде елдегі маңызды саяси науқанға бей-жай қарамаймыз. Өнер халықтың рухани айнасы. Сондықтан елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерде әр азамат өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік танытуы қажет деп санаймыз. Біз де осы жауапкершілікті сезініп, ел ертеңі үшін дауыс бердік. Мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен келешек ұрпақтың жарқын болашағына бағытталған маңызды қадам деп білеміз, – деді ансамбль мүшелері.

«Нартай сазы» өнерпаздары ұлттық өнер өкілдерінің ел өміріндегі маңызды мәселелерге белсенді араласатынын көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: