Жексенбі, 23 тамыз, 11:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

Өндіріс ұжымы өз таңдауын жасады

23.08.2026

26 0

Шиелі ауданындағы РУ-6, Семізбай-Ю, ГРП-23 өндірістік кәсіпорындарының қызметкерлері ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Жұмысшылардың сайлау учаскелеріне баруы үшін арнайы автобустар ұйымдастырылып, еңбек ұжымдарының қауіпсіз әрі ыңғайлы қатысуына жағдай жасалды.

Кәсіпорын қызметкерлері сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, дауыс берді. Олардың қатарында Иіркөл кенішінің мамандары да бар.

– Қазақстанның өркендеу жолындағы бұл маңызды қадам әр азаматтың еркін таңдауына негізделеді. Сайлауға қатысып, өз дауысымызды беру ел болашағына деген жауапкершілігіміздің айқын көрінісі. Біз, Иіркөл кеніші мамандары сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бұл бастама мемлекетіміздің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және болашақ ұрпақтың жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын, – деді өндіріс мамандары.

Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтар ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Әрбір берілген дауыс қоғамның дамуына қосылған азаматтық үлес.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: