Жексенбі, 23 тамыз, 11:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

23.08.2026

29 0

Құрылтай сайлауы күні Қызылорда қаласында дауыс беру науқанымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де ұйымдастырылды.

Қала тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, сондай-ақ маусымдық жеміс-жидек пен көкөністер төмен бағамен ұсынылды. Дауыс беруге келген тұрғындар азаматтық таңдауын жасап, сол мезетте жәрмеңкеден қажетті азық-түліктерін сатып алды.

Жәрмеңкеде сауда қызу жүріп, қала тұрғындары үшін сайлау күні қоғамдық және әлеуметтік белсенділік қатар өрбіді.

– Бүгін сайлауға дауыс беруге шыққан едім. Дауыс беріп болған соң жәрмеңкеге соғып, біраз азық-түлік алып алдым. Балаларға қауын-қарбызды арзан бағаға алдым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді қала тұрғыны.

Сайлау күні ұйымдастырылған жәрмеңкелер тұрғындарға қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: