Жексенбі, 23 тамыз, 08:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАРЛАНЫ ЕЛЕУСИН БІЛІМЖАН ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

37 0

Сырдария ауданы, №156 сайлау учаскесінде тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық және республикалық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген Елеусин Білімжан Мектепханұлы дауыс берді.
Ұлттық спортты дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі жаттықтырушы өз таңдауын жасап, азаматтық міндетін орындады.
Дауыс беру рәсімінен кейін журналистерге қысқаша сұхбат берген Елеусин Білімжан Мектепханұлы ел өміріндегі маңызды сәттерде әр азаматтың белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы қажет екенін атап өтті.
– Әр азаматтың дауысы маңызды. Бүгін өз таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым. Елдің болашағы жарқын болсын, – деді Елеусин Білімжан.
Тоғызқұмалақтан шәкірт тәрбиелеп, ұлттық спорттың дамуына үлес қосып жүрген белгілі жаттықтырушының азаматтық ұстанымы көпшілікке үлгі.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: