Жексенбі, 23 тамыз, 08:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

Сайлау күні алғаш дауыс бергендер мен ерекше күн иелеріне естелік сыйлықтар табысталды

23.08.2026

27 0


Сайлау күні Төретам кентінде сайлау учаскесінде азаматтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ерекше сәттер орын алды.
Алғаш рет дауыс беруге келген жастарға, туған күнін сайлау күнімен қатар атап өткен азаматтарға, ең жасы үлкен сайлаушыларға, балаларымен бірге келген отбасыларға және өзге де ерекше санаттағы тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталды.
Алғаш рет дауыс берген жастар үшін бұл күн ерекше естелікке айналды. Өйткені олардың алғашқы азаматтық таңдауы естелік сыйлықпен және жылы лебізбен қатар жүрді. Ал туған күнін сайлау күнімен бірге атап өткен тұрғындар үшін бұл күннің орны тіпті бөлек болды.
Ең жасы үлкен сайлаушыларға құрмет көрсету де ерекше мәнге ие. Өмірдің талай белесін көрген аға буын өкілдерінің сайлауға қатысуы – кейінгі ұрпаққа азаматтық белсенділіктің үлгісі.
Балаларымен бірге келген ата-аналарға да назар аударылып, оларға естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай бастама отбасылық құндылықтарды дәріптеп, балаларға ел өміріндегі маңызды оқиғалардың мәнін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Сайлау учаскелеріндегі осындай жылы әрі есте қаларлық сәттер тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, маңызды күннің ерекше атмосферасын қалыптастырды.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: