Құрылтай сайлауы ел тарихындағы саяси маңызы зор маңызды науқан. Бұл күні Қазалы ауданындағы жастар да азаматтық белсенділігін танытып, сайлау учаскелеріне көптеп келуде.
Саяси науқанға белсенді қатысып жатқан жастардың қарасы қалың. Соның бір дәлелі №61 сайлау учаскесінде бір мезетте 50 жастың дауыс беруі.
Жастардың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасап, азаматтық жауапкершілігін танытуы қуанышты жағдай. Бұл өскелең ұрпақтың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласып келе жатқанын көрсетеді.
Ел ертеңіне өз үлесін қосуға ұмтылған Қазалы жастары үшін бұл сайлаудың маңызы ерекше.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!