Жексенбі, 23 тамыз, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (2275)
22.08.2026
PDF мұрағаты

Сайлау учаскелерінде кітап және қолөнер көрмелері ұйымдастырылды

23.08.2026

33 0

Жаңақорғанда сайлау учаскелерінде тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында «Құрылтай – мемлекеттілік пен бірліктің негізі» тақырыбындағы кітап көрмелері мен ұлттық қолөнер көрмелері ұйымдастырылды.

Кітап көрмелерінде еліміздің мемлекеттілік тарихы, қазақ халқының дәстүрлі құрылтайлары, ел бірлігі мен қоғамдық келісім, тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы туралы кітаптар мен танымдық басылымдар көпшілік назарына ұсынылды.

Сайлау учаскелерінде ұйымдастырылған бұл бастама саяси науқанды рухани-мәдени мазмұнмен сабақтастырып, тұрғындарға ел тарихы мен әдебиетінен сыр шертетін құнды дүниелермен танысуға мүмкіндік берді.

Өйткені кітап ұлттың өткені мен бүгінін жалғап, келешекке бағыт беретін рухани қазына.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: